Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Астана

Серпіп тастап күмән, күдік болатын,
Жүрегіне иман жиған күні түн.
Қазағымның бойтұмары ең Астана,
Ұлтжан ұрпақ үкілеген үмітін.
Қайырмасы:
Көркің баураған, жанды жаулаған,
Көркейе бер, гүлдене бер әсем гүл қалам.
Жұпар аңқыған, шаттық шалқыған,
Көркейе бер, гүлдене бер әсем гүл қалам.

Ақ арманның шат мекені сыңайлы,
Нұрға оранған шахар едің шырайлы.
Дүйім елдің дір еткізген көңілін,
Көркің қандай әдемі еді ұнайды.
Қайырмасы:
Көркің баураған, жанды жаулаған,
Көркейе бер, гүлдене бер әсем гүл қалам.
Жұпар аңқыған, шаттық шалқыған,
Көркейе бер, гүлдене бер әсем гүл қалам.

Көз тойдырар келбетің-ай көркемді,
Бұл сезімнен тұла-бойым өртенді.
Жалындаған жастық шақтың қаласы,
Келешегің кемен болсын ертеңгі.
Қайырмасы:
Көркің баураған, жанды жаулаған,
Көркейе бер, гүлдене бер әсем гүл қалам.
Жұпар аңқыған, шаттық шалқыған,
Көркейе бер, гүлдене бер әсем гүл қалам.


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать