Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Айтыс

Аяулы өнерім, бабадан қалған,
Сан өнер сенің садағаң болған.
Аламан шапқан, аспеннен тойда,
Тек қазақ қана томағаңды алған.

Мөлдірсің көздің тамшы жасындай,
Алғырсың түздің қаршығасындай.
Ақиқат жырдың алдаспанысың,
Жағымпаздықтың контрасындай.
Жағымпаздықтың контрасындай.

Қ-СЫ
Көк нөсер сел боп, құйылып толғаса,
Жырламайды ақын жүйрік болмаса.
Айтысты айтыс демейді қазақ,
Бірлік қалмаса, суырып салмаса.
Айтысты айтыс демейді қазақ,
Бірлік қалмаса, суырып салмаса.

Алқалы туда арқа қысатын,
Өлеңмен өлең арпалысатын.
Тасқыны жырдың, ақтарылғанда,
Қапырақ сөздің қалпағы ұшатын.

Қазақта бар сын, қазақта қалсын,
Қазақтар беріп қазақтар алсын.
Өзінің сөзін, өзне айтсаң,
Мәз болған жұртым ләззатқа қансың.
Мәз болған жұртым ләззатқа қансың.

Қ-СЫ
Көк нөсер сел боп, құйылып толғаса,
Жырламайды ақын жүйрік болмаса.
Айтысты айтыс демейді қазақ,
Бірлік қалмаса, суырып салмаса.
Айтысты айтыс демейді қазақ,
Бірлік қалмаса, суырып салмаса.


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать